• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №224

463 рет
көрсетілді

2014 жылғы 12 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға қаражат бөлу туралы «2014 − 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 − 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға арналған қаражат бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің аударылуын қамтамасыз етсін. 3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №224 қаулысына қосымша Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға қаражат бөлу № Іс-шаралар атауы Жауапты мемлекеттік органдар Сома, мың теңге 1 2 3 4 5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту 1 Кәсіптік аурулар бойынша қауіп топтарын ерте анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу Еңбекмині 8 590 5.1.1-мақсат. Қауіптің мінез-құлық факторларының профилактикасының және бақылауды күшейтудің кешендік тәсілі арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру 1 Темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың профилактикасы мен оларды емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу мен басып шығару және көрнекті қоғам қайраткерлерін тарта отырып, телерадиохабарларын тарату арналарында науқандар мен жобалар өткізу СДШІА 103 500 2 Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау СДШІА 12 000 3 Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадаларды ұйымдастыру және өткізу СДШІА 53 500 4 Мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған 2011 − 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау МАМ 64 500 5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы және ана мен нәресте өлімін төмендету 1 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық науқанын жүргізу ДСМ 11 800 2 Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру ДСМ 119 397 3 Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында қалалық және ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың тамақтану жай-күйін бағалау ТҚҚА 18 574 4 Бұрмаланған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін бақылау және оның қауіпсіздігі бойынша мониторинг, әдістемелік қамтамасыз ету және ұсынымдар әзірлеу ТҚҚА 29 706 5 Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында темір, цинк және фолий қышқылы тапшылығын профилактикалау тұрғысынан халықтың нысаналы топтарына арналған дәрумендік-минералды кешенмен фортификацияланған жоғары және бірінші сортты бидай ұнының тиімділігін бағалау ТҚҚА 46 023 6 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару МАМ 2 220 7 Тамақ өнімдерінің өндірушілері үшін дұрыс тамақтанудың әртүрлі аспектілері бойынша өңірлік оқыту семинарларын тұрақты негізде өткізу, оқыту материалдарының кешенін әзірлеу ДСМ 12 566 8 Фортификациялау және йодтау мәселелеріне арналған тақырыптық телевизиялық бағдарламалар әзірлеу және көрсету ДСМ 16 873 9 Халық арасында А дәруменінің сапплементациясы бойынша ақпараттық-насихаттық науқан жүргізу ДСМ 13 371 10 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде, перзентханаларда (бөлімшелерде) және балалар стационарларында балаларға және аналарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу ДСМ 16 128 11 Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына (балалары бар отбасыларына) МСАК деңгейінде антенаталдық қызметтерге және педиатриялық көмекке қолжетімділік жақсарту және қамтуды ұсыныстар әзірлеу ДСМ 12 697 12 Емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын қолдау және жылжыту бойынша ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу ДСМ 120 225 5.1.3-мақсат. Жол-көлік жарақатын және одан болатын өлімді төмендету 1 Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу ІІМ 2 800 2 Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер жасау және олардың орталық, республикалық телеарналарда прокатын қамтамасыз ету ІІМ 22 775 3 Республикалық телеарнада жол жүрісі қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу ІІМ 12 523 4 Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару ІІМ 9 300 5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту 1 Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 14 трассалық пункт құру ТЖМ 1 377 467 2 Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі ТЖМ 732 053 5.1.5-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлімнің деңгейін төмендету 1 АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту ДСМ 7 700 2 Қамау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту* ДСМ 42 456 Оның ішінде: Ақмола облысы 3 701 Ақтөбе облысы 2 061 Алматы облысы 3 517 Атырау облысы 1 448 Шығыс Қазақстан облысы 6 498 Жамбыл облысы 2 668 Батыс Қазақстан облысы 1 205 Қарағанды облысы 5 293 Қостанай облысы 3 733 Қызылорда облысы 765 Маңғыстау облысы 1 017 Павлодар облысы 3 336 Солтүстік Қазақстан облысы 2 361 Оңтүстік Қазақстан облысы 2 806 Алматы қаласы 1 016 Астана қаласы 1 031 Барлығы 2 868 744 Ескертпе: * Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша іс-шараларды және қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ІІМ − Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ДСМ − Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі МАМ − Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі СДШІА − Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Еңбекмині − Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ТЖМ − Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ТҚҚА − Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі ҮЕҰ − үкіметтік емес ұйымдар