• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Тамыз, 2022

Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды

10842 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу және оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпеген. Тексеру нәтижесі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүзеге асырылмағанын көрсетті. Сонымен қатар оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.

Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы жұмыстағы олқылықтары мен кемшіліктері үшін Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың бұйрығымен жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары Ақан Нұрышевтің қызметке толық сәйкес еместігі ескертілді. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Алтай Байсұлтановқа қатаң сөгіс жарияланды.