• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Тамыз, 2022

Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды

407 рет
көрсетілді

Есірткі туралы сөз бола қалса, өңірге қарасты Шу ауданын әңгімеге арқау ететіндер аз емес. Тіпті, әңгіменің соңын әзілге бұрып жіберетіндер де жетіп артылады. Алайда, есірткіге есі кеткендердің қарасы бір өңірде аз, енді бір ауданда көбірек кездеседі демесек, қай жерде де баршылық...

Жамбылдық полицейлер есірткінің ең ауыр түрлерінің бірі саналатын героин сатумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді. Мамандардың айтуынша, дәл осы героин адамдарды алғаш тұтынғаннан-ақ өзіне тәуелді етіп тастайды екен. Деректерге сенсек, қолға түскен күдікті облыс орталығында ұзақ уақыт бойы героин затын сатумен айналысып келген. Полицейлердің күдіктіні ұстау операциясының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Құзырлы орган қызметкерлері келтірген мәліметтерге сенсек, күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында 10 грамм героин заты тәркіленіпті.

«Жедел-іздестіру шаралары Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің белсенділігімен жүзеге асқанын айта кеткен ләзім. Бұл операция ҚР Ұлттық ұланының №5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесе ұйымдастырылған «Қарасора – 2022» республикалық іс-шарасы  аясында өткізілді.

Ұсталған азамат қазіргі кезде өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бүгінгі күні осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар тергеу жұмысы жүргізілуде. Аталған бапқа сәйкес күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», дейді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.