Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. Бұған дейін боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тең түсті, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.
«Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз», деп жазды боксшы Instagram желісінде.