АҚШ-тың Цинциннати қаласында шымылдығы түрілген халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өзінің тұсаукесер кездесуін өткізді.
Жерлесіміз Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Қазіргі кезде мықтылар рейтингінде 24-сатыға жайғасқан америкалық теннисші кезінде US open додасының финалында ойнаса, биыл Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Путинцева бұл бәсекеде барын салғанымен, Кизге әлі жетпеді. 1 сағат 23 минутке созылған тартыс 7:5, 6:3 есебімен АҚШ өкілінің пайдасына шешілді.
Сондай-ақ кеше екінші кезең ойындары басталды. Біздің Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазіргі кезде WTA рейтингінде тоғызыншы орында тұрған испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасты.