• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Тамыз, 2022

Кабулдағы теракт кезінде 21 адам қаза тапты

175 рет
көрсетілді

17 тамызда Кабулдағы мешіттердің бірінде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 33 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті полиция департаментінің баспасөз хатшысы Халид Задранға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жарылғыш зат Хайр-Хан кварталындағы Садықие мешітінде ақшам намазы кезінде іске қосылған. 

Әзірге терактіні ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. 

Талибан үкіметінің өкілі Забиулла Муджахид Twitter парақшасында халықты қылмыскерлердің тез арада табылатынына сендірді.