• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Тамыз, 2022

Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды

223 рет
көрсетілді

Абай облысында аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен үш студент ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей қаласының маңында есірткі сатушыларды ұстау операциясы өтті. Абай облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды сатты деген күдікпен жергілікті колледждің 18 жастағы үш студентін ұстады.

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында жасырын орынға қойып кетіп отырған. Тінту шараларын жүргізу кезінде олардан полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншегі тәркіленді. Алынған зат салмағы 13 грамм, Альфа-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Бұл аса ірі көлем болып табылады.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің барлық фигуранты Семей қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», делінген мәліметте.

Полициядан атап өткендей, жаз мезгілінде мектеп оқушылары мен студент жастар демалыста болатындықтан, ата-аналар балалары бос уақытты қалай және кіммен өткізетініне мұқият болуы керек.