• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Тамыз, 2022

Мүгедектерге 254 млрд төленді

326 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді.

Оның ішінде 2022 жылғы шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бо­йынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,6 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағ­дай бойынша мүгедектік бо­­йынша мемлекеттік әлеу­­мет­тік­ жәр­демақы алу­шылардың саны 530 мың, асы­раушысынан айырылу жағ­дайы бойынша 179,4 мың адамға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақылардың мөл­­шері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асы­рауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгі­ленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 тамыз­да­ғы жағдай бойынша мүге­дек­тігіне байланысты төле­нетін мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақының орташа мөлшері 54 339 теңге, асырау­шысынан айырылу жағ­дайы бойынша төленетін жәр­демақы – 47 763 теңге.