• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Тамыз, 2022

Жүлдегерлер марапатталды

117 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда бокстан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Осы іс-шара барысында Қазақ­­стан бокс федерациясының (ҚБФ) президенті Кеңес Рақы­шев, атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов, республикалық Спорт­ты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов былғары қолғап шеберлеріне, олар­дың бапкерлері мен ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда өткен әлем чемпионатында бес медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алғанын айта кетейік.

– Өздеріңіз білетіндей, Ыстан­бұлда 72 елден келген 300-ден астам таңдаулы былғары қолғап шеберлері жүлдеге таласты. Бұл сында да біздің қыздар толық құрамда лайықты өнер көрсетті. Осы тұста бұл біз үшін ең табыс­ты әлем чемпионатының бірі бол­ғанын атап өтуге тиіспіз. Мен де осы әлем чемпионатында болып, финалда Алуа Балқыбековаға жанкүйер болдым. Өз басым біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда деп сенемін. Бәріңізге тынбай еңбек етіп, қайсарлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын», деді Кеңес Рақышев құттықтау сөзінде.

Кішігірім баспасөз конферен­циясынан кейін еліміздің үздік бокс­шылары ақшалай сертификат пен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ доллары тапсырыл­ды. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жола­ман, Карина Ибрагимова және Вален­тина Хальзоваға 10 000 АҚШ доллары берілді. Сол секілді Шәміл Сафиуллин бастаған жаттық­тыру­шылар штабының өкілдері, жеке жат­тықтырушылар мен ғылыми топтың мүшелері де назардан тыс қалмады. Олар да қомақты көлемде сыйақы алды.