Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Белгород облысы, Валуйский ауданы, Тимоновское селолық округінде орналасқан оқ-дәрі қоймасы өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Аудан басшысы Тимоново және Солоти ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр», деп жазды Гладков.
Оның айтуынша, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда.