• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Тамыз, 2022

Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді

374 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы жыл басынан бері елорда аумағында 456 өрт тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл басынан бері қала аумағында 456 өрт фактісі тіркелді. Оның ішінде 150-і жеке тұрғын үй секторында. Өрттерден 10 адам құтқарылып, 26-сы қауіпсіз аумаққа көшірілді. Статистикаға сәйкес, өрттердің айтарлықтай бөлігі жеке сектоларда болады. Сондықтан қалалық құзырлы орган жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Биыл бұл шаралар 15 тамызда басталды», деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін тексеру үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алдымен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың баспаналары тексеріледі. Елордада осындай санаттағы 1 240 отбасы бар. Келесі кезекте қала аумағында тіркелген 10 мыңға жуық саяжайларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Одан кейін ғана қалада орналасқан барлық тұрғын үйлерді аралап, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.