• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Тамыз, 2022

Екі кезең артта қалды

168 рет
көрсетілді

Нидерландтың Утрехт қаласынан бас­тау алған велошабандоздар ара­сындағы ең белді жарыстардың бірі – «Вуэльта» көпкүндігінің алғашқы екі кезеңі артта қалды.

Дәстүр бойынша алғашында жарыс командалар арасында өтті. Бұл тартыс жергілікті Jumbo-Visma клубының жеңісімен аяқ­талды. Қызғалдақтар елінің өкілдері 23,3 шақырымдық қашықтықты 24 минут 40 секундта жүріп өтті. Одан кейінгі орындарды Ұлыбританияның INEOS Grenadiers пен Бельгияның Quick-Step Alpha Vinyl Team ұжымдары иеленді. Жеңімпаздан 46 секунд қалып қойған «Астана» 10-сатыға табан тіреді.

Екінші кезең Хертогенбос пен Утрехт қалалары аралығын қамтыды. 175,1 шақы­рымдық тегіс жолда ирландиялық Сэм Беннетт (BORA-hansgrohe) алдына жан алмады. Одан кейінгі орындарды даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) мен бельгиялық Тим Мерлир (Alpecin-Deceuninck) иеленді. «Астананың» үздігі Мигель Анхель Лопес 24-сатыға табан тіреді.