«ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК Ядролық медицина орталығы жақында жұмысын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық фтор-18, көміртек-11 және галий-68 негізінде радиофармпрепараттар (РФП) өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде бір ғана РФП бар.
«Орталықтың циклотронды кешені ПЭТ-диагностика жасау үшін 9 радиофармпрепарат өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Олар диагноз қою қиын обыр ауруларын, сондай-ақ кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді. Бұл препараттардың 8-і Қазақстанда бұрын өндірілмеген», дейді мамандар.
Диагностикалық блоктың негізі бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді.
Ядролық медицина орталығының ашылуы қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға және пациенттердің зерттеуге кезегін азайтуға мүмкіндік береді, соған сәйкес пациенттер зерттеуге 3-4 ай бұрын жазыла алады.
Сондай-ақ бұл кешеннің ерекшелігі радиациялық қауіпсіздік және фармацевтикалық сапа жүйесінің талаптарына сәйкес жоспарланған 9 РФП барлық желісін өндіруді қамтамасыз ету үшін өндірістік, талдамалық, дозиметриялық жабдықпен қамтамасыз етілген.
Ядролық медицина орталығы көп ұзамай жұмысын бастайды.