• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2022

Алматының екі ауданында есірткі қылмысының жолы кесілді

195 рет
көрсетілді

Алматының екі ауданында есірткі қылмысының жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда 27 жастағы ер адам ұсталды. Оны жеке тінту кезінде полицейлер ақ түсті ұнтақты зат салынған буманы тәркіледі.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат – аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі. Белгілі болғандай, ұсталған азамат құрылысшы болып жұмыс істейді және есірткіні «өзіне» сатып алған. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Ал қаланың Алмалы ауданында 40 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Ол есірткіні қойып кетумен айналысқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіні заңсыз сатып алды және сақтады деген күдікпен 40 жастағы Ж.есімді азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде ішінде ақшыл түсті ұнтақты заты бар, қара изолентаға оралған 16 бума табылды және тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталған адамның айтуынша, бұл зат интернет арқылы сатып алынған синтетикалық мефедрон есірткісі. Ол бумаларды мекенжайларға сәйкес орналастыру керек болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.