• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Тамыз, 2022

Беннеттің бабы келісіп тұр

187 рет
көрсетілді

«Вуэльта» көпкүндігінің үшінші кезеңі Нидерландтың Бреда қаласында өтті. Бұл бәсекеде де 22 жастағы велошабандоз Сэм Беннеттің бағы жанды.

Германияның BORA-hansgrohe клубы сапында өнер көрсетіп жүрген ирландиялық спортшы 193,2 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 05 минут 53 секундта жүріп өтті. Осы­ның алдындағы 2-кезеңде де Беннет мәре сы­зығын бірінші болып қиған еді. Ал бұл жолы екінші және үшінші орындарды даниялық Мадс Педерсен Trek-Segafredo мен ұлы­бри­таниялық Даниэль Маклэй Team Arkéa Samsic иеленді. «Астананың» өкілі Евгений Федоров мәре сызығын 26-шы болып қиып өтті.

Жалпы есепте Нидерландтың Jumbo-Visma командасының намысын қорғап жүрген 26 жастағы италиялық саңлақ Эдоардо Аффини көш бастап келеді. Оның уақыты – 8 сағат 20 минут 07 секунд. Одан кейінгі орындарда да дәл сол клубтың мүшелері. Олар – нидерландтық Сэм Оомен мен словениялық Примож Роглич. «Астананың» сапындағы италиялық легионер Винченцо Нибали 61-сатыға жайғасты.