• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2022

Қазақстанда есірткі өндіретін 40 зертхана жойылды

180 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ташкенттегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кеңесіне қатысты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстанның ішкі істер министрі өз сөзінде ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы бірлескен күресі бойынша нақты ұсыныстар айтты. ШЫҰ елдерінің министрлері Марат Ахметжановтың барлық ұсынысын қолдады. Атап айтқанда, ведомство басшысы ҰҚТ-ны жою, заңсыз майнингке қарсы күрес және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қазақстандық тәжірибемен бөлісті», деді Ш.Тұрлыбек.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясы аясында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Соңғы бір жарым жыл ішінде синтетикалық есірткі өндіретін 40 есірткі зертханасы жойылды. Ұлттық бақылауда есірткінің мыңнан астам жаңа түрі тұр. Интернеттегі жарнама ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды», деп қосты Шұғыла Тұрлыбек.