Қырғыстан бидайды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мораторий елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Реэкспорт, транзит, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті көрсететін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне көмекке тыйым салынбайды.
Тыйым салуды алты ай мерзімге енгізу ұсынылды.