• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Тамыз, 2022

Спорт күніне орай «Мен чемпионмын-2022» науқаны басталды

376 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен қысқа бейнероликтерді жасау мен қарауға арналған TikTok платформасы Спорт күніне орай #МенЧемпионмын2022 бірлескен науқанын бастады.

Бұл бастама еліміздегі спорттық контент авторларын қолдауға және платформаның үлкен қоғамдастығы арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуға бағытталған. Бастама аясында 21-28 тамыз аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің TikTok-тағы аккаунтында (@drs_kz) тікелей эфирлер сериясы өтетін болады. Қазақстандықтар Астана Триатлон паркіндегі спорттық мерекеге виртуалды түрде барып қайтты, ал қалған күндері атақты спортшылармен сұхбатты көре алады.

Сонымен барлық TikTok пайдаланушылары спорттық марафонға қосылып қана қоймай, #МенЧемпионмын2022 хэштегі бойынша тақырыптық челленджге қатыса алады. Ең креативті бейнелердің авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

«Қазақстан өзінің спорттық жетістіктерімен және бокстан, веложарыстан, шахматтан және ауыр атлетикадан түрлі спорт түрлеріндегі чемпиондарымен танымал. Біздің Мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен науқанымыздың арқасында спорт пен фитнесте алғашқы қадам жасап жатқан барлық қазақстандықтар және жақсы тәжірибесі бар адамдар шабыт алып, TikTok-та да өз табыстарымен бөліседі деп үміттенемін. Біз Қазақстандағы спорттық жобаларды одан әрі қолдауды жоспарлап отырмыз және спорттық контенттің жаңа авторларын көруге қуаныштымыз», дейді TikTok-тың аға операциялық менеджері Надежда Лапина.

Тікелей эфирлер кестесі төмендегідей:

23 тамыз, сағат: 18:00-де джиу-джитсудан Дүниежүзілік ойындардың күміс жүлдегері Галина Дувановамен сұхбат.

24 тамыз, сағат: 18:00-де әйелдер күресінен Ислам ойындарының жүлдегері Мәдина Бақбергеновамен сұхбат.

25 тамыз, сағат: 18:00-де-палуан және рекордшы Сергей Цырульниковпен және киокушинкай-кан каратеден қола жүлдегер Әлішер Карменовпен сұхбат.

26 тамыз, сағат: 18: 00-де спорттық гимнастикадан Ислам ойындарының чемпионы Аида Бауыржановамен сұхбат.