• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2022

Жапонияда атом реакторларының саны артады

447 рет
көрсетілді

«Онагава», «Такахама» және «Симанэ» станцияларының операторлары жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен АЭС-тегі қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жұмыстарын аяқтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония Үкіметі 2023 жылдың жазына қарай елдегі жұмыс істеп тұрған атом реакторларының санын 17-ге дейін көбейтіп, елдің әртүрлі бөліктеріндегі тоқтатылған АЭС энергия блоктарының жетеуін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, «Касивадзаки-Карива» АЭС алтыншы және жетінші энергия блоктарын, «Онагава» АЭС екінші энергия блогын, «Такахама» АЭС бірінші және екінші блоктарын, «Симанэ» АЭС екінші блогын және «Токай-2» АЭС жетінші энергия блогын қайта іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі АЭС пайдаланудың барынша рұқсат етілген мерзімін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта реакторлардың жұмыс істеу мерзімі 40 жылға шектелген, бірақ барлық талаптар сақталған және тексеруден өткен жағдайда мерзім тағы 20 жылға ұзартылуы мүмкін.