• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Тамыз, 2022

Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол-көлік апаты болды

235 рет
көрсетілді

Алматы-Бішкек тасжолында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 тамыз күні сағат 05.40 шамасында Жамбыл облысында болған.

«Алматы-Бішкек» тасжолының 92-ші шақырымында «Лада» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, YuTONG автобусымен соқтығысқан», деп хабарлады ведомстводан.

Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобус жүргізушісі де зардап шекті, ол түрлі жарақаттармен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.