• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2022

Зейнеткер ауылына көпір салып берді

222 рет
көрсетілді

Немере-шөберелерінің алаңсыз мектепке барып-келуін ойлаған Әжекбар бүгінгі буынға үлгі боларлық іс атқарды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді.

Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін тозығы жеткен ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке ба­рып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайы­мын сейілтіп, тұрғын­дарға қуа­ныш сыйлады. Ауыл­дас­тары өнегелі істерімен елге сыйлы болған Әжекбар қарияға алғысын айтуда. Ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еткен Әжекбар Қорғанбеков бү­гінде 84 жасқа толып отыр. Бейнетінің зейнетін көрген ақсақал көпірді салу мәсе­лелесі көтерілгенде қарап отыра алмағанын, туған елге азаматтық парызын осын­дай өнегелі істерімен өтеу­ді жөн санағанын айтады. «Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылдарымыз көркейе бер­­сін. Оған қариялар қолы­мыздан келгенінше, ден­сау­лығымыз жарағанша үлес қосуымыз, үлгі көр­сету, ақыл-кеңесі­мізді айтып оты­­­руымыз қажет», дей­ді Әжек­бар ата.

 

Түркістан облысы