• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2022

Елорда маңында азық-түлік белдеуі қалыптасып келеді

212 рет
көрсетілді

24 тамызда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елорданың бірнеше АӨК нысандарын аралап, қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Күн тәртібіндегі басты мәселе - бас қаланың айналасында азық-түлік белдеуін құру болды. Бүгінгі таңда астанада қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешеннің 56 субъектісі бар. Бұл ұн тарту кәсіпорындары, нан зауыттары, шұжық өнімдері мен сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, көкөніс базалары және жылыжай кешені», деді ведомство басшысы.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтанның айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында АӨК саласына 625,7 млрд теңге бағытталады. Бұл қаржыға 256 инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 10 000 тонна көкөніс болатын 2 жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.

Мұның барлығы маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының орнын толтыруға және елордалық базарларда бағаны тұрақтандыруға, сондай-ақ 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Министр кездесуге қатысқан кәсіпкерлерді осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Атап айтқанда, биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылады.

Бұдан бөлек, министр ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып берді.