Қазгидромет синоптиктері алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болғандықтан, демалыс күндері солтүстік өңірлерде күн жылынады.
«Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С.