• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2022

72 жастағы жаяу саяхатшы

343 рет
көрсетілді

Ұлытаудан Ақтауға жаяу бет алған Жаңаарқа ауданының тумасы, 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов осы дүйсенбіде Жымпитыға тоқтады. Саяхатшы Сырым ауданының аумағына кірді дегенді ести салып, біз де жүздесуге асықтық.

– Мені көргендердің арасында Гиннес рекордтар кітабына ену үшін арбасын сүйреп шыққан дегендер де болды. Алайда мен бұл сапарға үш мақсатпен шықтым. Қазақстанның тарихи-географиялық орталығы Ұлы­тауды танытуды қазақстандық қол­өнершілерді қолдауды және ең бас­тысы, Қымыз мерекесін насихаттап, оны төл мерекеміз ретінде күн­тізбеге ен­гізуді көздедім, – дейді әуес­қой ұс­та, реставратор Сәрсенбай ата.

«Ұзақ сапарға шығуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды, бұл тә­уекелге қалай бардыңыз?» деген сұра­­ғымызға ата: «Көз – қорқақ, қол – батыр» деп тартып отырдым, өзімнің Қазақстаным, ел барда далада қал­маймын» деп нық жауап қайырды.

Әрине, көпті толғандырған «Сапар сәтті аяқталған соң нәтижесі қандай болмақ? Не өзгереді?» деген әлеужелі қолданушыларына Сәрсенбай атаның жауабы жоқ емес.

– Атақ керек десем, бір басымда жетеді. ЭКСПО көрмесінде әртүрлі туындым, металлургияға, жерлес­те­рімнің спорттағы жетістіктеріне ар­нап жасаған бұйымым көп болды. Сол жылы музейге металлургия саласы бойынша қолөнер туындыларым қойылған болатын.

Ал жоғарыда аталған мақсат­та­рымның нүктесі сапарым сәті­мен біт­кен кезде қойылмақ. Прези­ден­­ті­мізге арнайы хат жазып, ел тұр­­­­ғын­дарының Қымыз мерекесіне көз­қа­растары оң екенін, аты аталмай тасада қалған мықты қолөнершілердің еңбегі еленуі керегін, мемлекеттік ті­ліміз ұмыт бол­­май, ұлықталуын назар­ға алуын сұ­раймын, – деді сөзі­нің соңында С.Оспанұлы.

Сәрсенбай қарт алыс сапарға 31 нау­­­­рыз күні аттанса, қазан айы­ның со­­­ңына дейін Ақтау қала­сына жет­пек.

Сапарыңыз оң болсын, саяхатшы ата!

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА

 

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы