• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Тамыз, 2022

«Жалған» қауын

188 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «Қапланбек» кеден бе­ке­тінде Өзбекстаннан елімізге қауынды контрабан­далық жолмен тасымалдағандардың жолын кесті.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылауды жүргізу кезінде көлікке тиелген тауарларды қарап тексеруге мүмкіндік беретін инспекциялық тексеріп-қарау кешендерін сәтті қолданып келеді. Ал егер кедендік декларацияларда көрсетілген тауар туралы мәліметтерде алшақтық болса, нақтыланған кедендік жете тексеру жүргізіледі.

Мәселен, 23 тамызда «Қапланбек» кеден бекетінде комитеттің ахуалдық орталығының қызметкерлері инспек­циялық тексеріп-қарау кешенінің сурет­терін талдау кезін­де мәлімделген құжаттардағы сәйкессіздікті анықтады. Құ­жаттарда көрсетілген қарбыздың орнына суретте сопақша пішіндес тауар көрінген. Комитеттің 2021 жылғы 12 қа­рашадағы №722 бұйрығымен бекі­тілген «Мемлекеттік кіріс­тер органдары лауазымды тұл­ға­ларының тексеріп қарау интроскопиялық техникасын қолдануы тәртібіне» сәйкес ахуалдық орталығы кеден заңнамасын бұзуға күдік туындаған мәліметтерді кедендік жете тексеруге жіберді.

Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде (Ахуал­дық орталықтың бейне сүйемелдеуі) «Қаплан­бек» кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декла­рацияланба­ған қауын тауарын анықтады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна «қауын» тауарын және ­ 66 тонна «қарбыз» тауарын алып өтпек болған.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақса­тында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауар­ды мәлімдейтінін атап өткен жөн. Анық­талған бұзу­шы­лықтар бойынша сыртқы экономи­калық қызметке қаты­сушы қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылады.