• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2022

Жаяу жүргіншіні қасақана басып кеткен жүргізуішіге қылмыстық іс қозғалды

382 рет
көрсетілді

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, үстінен басып өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне аудандағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында ауыр дене жарақаттары бар жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні бұл қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан жүргізушінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден ізін суытқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті жәбірленішіні танымайтындығын, көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрғанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ көлік жүргізушінің әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтты. Алайда соңғысы көлік қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабына (Адам өлтіруе оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.