Конституция күніне байланысты Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жабылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», делінген хабарламада.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде жұмысын жалғастырады.