Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың екі қозғалтқышына құстар кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 тамыздан 29 тамызға қараған түні Airbus A320 ұшағы KS955 Алматы-Нұр-Сұлтан рейсін орындады. Қону қалыпты режимде өтті. Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға жақындаған кезде екі қозғалтқышқа құс кіріп кеткен. Ұшудан кейінгі тексеру қозғалтқыштарға құстардың соғылғанын растады», делінген әуе компаниясының хабарламасында.