• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Тамыз, 2022

Үндістанда заңсыз салынған қос мұнара қиратылды

186 рет
көрсетілді

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласының маңында билік заңсыз салынған 103 метрлік екі зәулім ғимаратты жарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, көпқабатты үйлерді салушылар жергілікті биліктен құрылысқа рұқсат ала алмаған, сондықтан үй салынғаннан кейін қараусыз қалған. 

Былдыр елдегі Жоғарғы Сот мұнаралар құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып салынған деп таныған еді. Ұзаққа созылған сот таластарынан кейін оларды бұзуға бұйрық шығарылды. 

Мұнараларды бір орында құлатуға төрт тоннаға жуық жарылғыш зат қолданылған. Ғимараттар небәрі 10 секунд ішінде опырылып түсті. 

Бұзылу алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары, сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттарда тұратын иттер эвакуацияланды.