Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», делінген жазбада.