Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, ал елдің оңтүстік жартысында әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.
Еліміздің батысында ауа температурасы төмендейді: күндіз +33...+38 °С-тан +23...+31 °С-қа дейін, республиканың солтүстік-батысында +31-ден...+38 °С-қа +25-тен.. .+35 °С-қа дейін төмендейді деп күтіледі.
Ал еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +30...+35 °С дейін жетеді. Орталықта және оңтүстік-шығыста ауа температурасы +30...+38 °С, шығыста +27...+38 °С, оңтүстікте +35...+40 °С дейін көтеріледі.