• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Тамыз, 2022

Тиімді IT-шешімдер елорда тұрғындарының өмірін жақсартады

219 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігі инфрақұрылымды дамыту және елорда тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында тиімді практикалық IT-шешімдерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп 100 IT-жоба өтінімін жинады. Жуырда олардың 11-і үшін алғашқы Pitch күні өтті.

«Біз қаланы дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар практикалық жобаларға қолдау көрсетіп келеміз. Бүгін біз мұндай жобалар бар екенін және олардың көп екенін көрдік. Әкімдік азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдер үшін әрдайым ашық, Біз өтінім жіберген барлық стартаптарды тыңдауға дайынбыз, неғұрлым перспективалы болған стартаптармен пилоттық жобаларды іске қосамыз. Ол үшін Pitch Day-ды ай сайын өткіземіз деген жоспар бар», деді Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков.   Алғашқы Pitch Day-де қалалық инфрақұрылымдағы су деңгейін мониторингілеу бойынша жоба, елорданың бірыңғай ақпараттық көлік жүйесі, сарқынды су тасуының алдын алатын автоматты жүйе құру бойынша жобалар ұсынылды.    Өтінім берген барлық жобалардың бағыты әртүрлі, атап айтқанда: білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, экология, қауіпсіздік және көлік салалары. Жобаларды нетворкинг, питчингтер және қалалық құрылымдармен өзара іс-қимыл күтеді. 

«IT-нарығы үшін бұл өзін әкімдікке таныстырудың және қолдау табудың бірегей мүмкіндігі. Astana Hub осындай бастамалардың алаңы болуға, олар үшін қосымша мүмкіндіктер жасай отырып, IT-жобаларды ілгерілетуге дайын», деді Astana Hub корпоративтік инновациялар және цифрлық құзыреттер кеңсесінің директоры Танат Өскембаев.