• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қыркүйек, 2022

Дастан дара шықты

120 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті. Конституция күніне орай ұйымдас­ты­рылған жарыста еліміздің ең белді ойыншыларының біразы қатысты.

Ерлер бәсекесінде 22 жастағы Дастан Кен­жеғұловтың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Еліміздің ең үздік үстел теннисшілерінің рей­тин­гінде төртінші орында тұрған оралдық өрен барлық қарсыласын қапы қалдырып, бас жүлдені олжалады. Финалда ол 20 жасар шымкенттік Ирисбек Артукметовтен айласын асырды. Қарағандылық Владислав Захаров қола медальды мойнына ілді. Әйелдер арасында Шымкент қаласынан келген 17 жасар дарынды спортшы Сарвиноз Миркадированың мерейі үстем болды. Қазақстанның екінші ракет­касы ақтық сында екібастұздық Ангелина Рома­нов­скаядан басым түсті. Үшінші орынға Қара­ған­дының өкілі Жанерке Көшкімбаева табан тіреді.

Сонымен қатар Тимофей Герасименко, Даниал Қанатбаев, Валерий Фадеев, Алек­сандра Смирнова және Марат Асқаров түрлі аталымдар бойынша арнайы сый­лық­тарға ие болды.