«Вуэльта» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңінде «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес мәре сызығын оныншы болып қиып өтті. Ол жеңімпаздан 1 минут 47 секунд қалып қойды.
Бұл жолы велошабандоздар таза уақытқа жарысты. Валенсия өлкесіндегі Эльче мен Аликанте қалаларын жалғастырып жатқан 31,1 шақырымдық сайыста Ремко Эвенепулге тең келер ешкім табылмады. Quick-Step Alpha клубы сапындағы Бельгияның беткеұстары аталған қашықтықты 33 минут 18 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) пен франциялық Реми Каванья (Quick-Step Alpha Vinyl Team) иеленді.
Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Әзірге Ремко Эвенпулдің екпініне ешкім шыдай алатын емес. Оның көрсеткіші – 34:35:50. Примож Роглич одан 2 минут 41 секунд қалып келеді. Үшінші орында – испаниялық Энрик Мас (Movistar Team). Қазақстандық команданың намысын қорғап жүрген колумбиялық легионер Мигель Анхель Лопес сегізінші сатыға жайғасқан.