• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2022

Үкімет құзыретінің бір бөлігі министрліктерге берілуі керек - Президент

223 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, саяси шенеуніктердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға назар аудару керек.

«Үкімет құзыретінің бір бөлігі министрліктерге берілуі керек. Министр «ұжымдық кабинет» емес, нақты салалық саясатқа жауапты болуы тиіс. Үкімет салааралық мәселелерді шешуге назар аударады», деді Қ.Тоқаев.