Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскенін атап өтті.
«Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы дерлік еркін сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі. Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек», деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ Президент нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет екенін айтты.