• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2022

Мақсат – мықты демократия орнату

219 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстан құрудың мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарын тиянақтап берді. Президент елімізді алға жетелейтін және алдағы уақытта болатын саяси өзгерістерді де ашық айтты.

Бұл саяси дәстүр, біз де ашық айтайық, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тән. Қазақстандағы биліктің барлық жүйесін реформалау жалғасын тауып келеді. Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас туралы түсінікті өзгертетін жаңа­лық көп. Барлық бас­қару саласында тиімділік пен табысқа қол жеткізетін, жауапкершілікті күшейте түсетін және демокра­тиялық құндылықтарды қа­лып­тас­тыратын жүйе жұмыс істейді.

Алдағы сайлаулардың болатынын айтудың өзі – нағыз демократияның көрінісі, бұл халықтық сенімді арттырады және реформаларға жол ашады. Сондай-ақ саяси сенімді күшейтіп, билікке деген оң көзқарасты нығайтады.

Мемлекет басшысының президент­тік мандатты жеті жылдық бір мерзімге қысқарту туралы ұсыныс үлкен саяси жаңалық және құптарлық қадам. Прези­денттің бұл ұсынысы та­лайға ой салды. Өйткені өмірлік тәжіри­бенің сабақтары бәрімізге мәлім.

Жолдауда саяси жаңғыру мен жаңғыртудың ақылға қонымды, қоғам дамуына тиімді, халықтың сұранысына сай тарихи қадам­дар жасал­ға­нын атап өтуіміз керек. Жалпы, осы Жолдаудың аясын­да адамдардың көкейінде жүр­ген барлық өзекті мәселе қам­тылды және бұл өзгерістер толығымен жүзеге асырылады деген сенімдеміз.

Парламент алдына нақты міндеттер белгіленді, сондай-ақ Үкіметке, әкімдіктерге халықтың әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын жақсартып, табысын еселеп арттыру жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Қазақстанда мықты демократия орнатудың мақсаттары қоғамның көз алдында кезең-кезеңмен орындалып келеді.

 

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Мәжіліс депутаты