• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Қыркүйек, 2022

Бүгін ауа райы қандай болады

153 рет
көрсетілді

2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, батысында, шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батыста шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте, батыста, Жамбылдың солтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қарағандының орталығында, аймақтарда жылы ауа райы сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.