• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қыркүйек, 2022

Елордада заңсыз ойын ұйымдастырғандар ұсталды

441 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйдің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишка сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты.

Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютер, ұялы телефон сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.