• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2014

Есірткі тасымалына тосқауыл қою – кезек күттірмес мәселе

475 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 мамыр. Бүгін Астанада «Ауғанстаннан есірткі тасымалдаудың негізгі солтүстік бағдарының бойында орналасқан шығару, транзит және жеткізу елдеріне өзара құқықтық көмек көрсету бойынша прокурорлардың және орталық органдардың желісін қалыптастыру және нығайту» тақырыбында бірінші аймақаралық жұмыс семинары ашылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Семинарды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы БҰҰ Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының (UNODC) қолдауымен ұйымдастырды. Форум жұмысына UNODC Орталық Азия бойынша аймақтық өкілдігі, UNODC Ауғанстандағы офисі, Еуроюст, АҚШ, Ауғанстан, Әзербайжан, Германия, Грузия, Дания, Иран, Қырғызстан, Нидерланд Корольдігі, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Швеция өкілдері қатысуда. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель атап өткендей, есірткінің заңсыз айналымы адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі болып қалып отыр. Трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысының қазіргі ауқымы халықаралық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Екі күндік семинар барысында халықаралық ынтымақтастықтың және трансұлттық есірткі қылмыстарымен күрестегі прокуратураның рөлін күшейту, трансұлттық сипаттағы есірткі қылмыстарын тергеуде өзара құқықтық көмек көрсету, есірткі тасымалымен күресудегі құқықтық және практикалық құралдардың белсенділігін артырудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ауғанстаннан есірткі өндіру және тасымалдау проблемасы және БҰҰ есірткі және қылмыстылық бойынша басқармасының жауап шаралары, трансұлттық есірткі қылмыстарын тергеудегі Еуроюст, сондай-ақ ТМД мемлекеттері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің тәжірибесін зерделеу күн тәртібінде белгіленген. Тәжірибе алмасу барысында кездесуге қатысушылар Ауғанстан мен Иранның, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің, сондай-ақ өзге де тасымалдау және жеткізу елдерінің есірткі бизнесімен күрестің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдануының, осы санаттағы трансұлттық қылмыстарды тергеуінің ұлттық тәжірибесімен танысады. Атап айтқанда, өзге де мәселелермен қатар халықаралық бақылаумен жеткізу және басқа да жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция беру құқығының өзекті мәселелері қарастыруды қажет етеді. Есірткі қылмыстарымен күрес проблемасы Қазақстан үшін де өзекті болып табылады, ол ең алдымен еліміздің аумағын ауған есірткісі үшін транзиттік коридор ретінде пайдаланумен байланысты. Сондай-ақ есірткі кірістерін заңдастыру, оларды анықтау, тыйым салу және тәркілеу жөніндегі істерді тергеу проблемалары пікір алмасудың маңызды тақырыптары ретінде белгіленді. Трансұлттық есірткі қылмыстарын тергеудегі өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерін талқылау тұрғысында мақұлданған немесе бас тартылған халықаралық сұраныс хаттармен байланысты пікір алмасу орын алды. Мысалға, кейінгі үш жыл ішінде Қазақстан шет елдердің есірткі жөніндегі істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 200-ге жуық өтінішін, сондай-ақ есірткі қылмыстарын жасаған тұлғаларды беру туралы 30-дан астам сұрауларын қанағаттандырды. Өз кезегінде Қазақстанның прокуратура органдары өзге елдердің құзырлы органдарына есірткі қылмыстары бойынша 140-тан астам тапсырма жолдады. Халықаралық ұйымдардың және әртүрлі елдердің құзіретті органдарының сарапшылары атап өткендей, қалыптасқан ахуал есірткі жағдайын терең талдауды, есірткі тасымалдаудың әрекет етуші бағдарын соғұрлым проблемалы және пайдасыз ету үшін шынайы кедергілер қалыптастыруды қажет етеді. Осы тұрғыда барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және есірткі қауіп-қатерін азайтуға, есірткі тасымалдау каналдарын жабуға бағытталған әрекеттің жалпы стратегиясын әзірлеу маңыздылығы аталып өтілді. Есірткіге қарсы жұмысты тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету аясында бірлескен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар өткізу, есірткі қылмыстарымен күрестің халықаралық-құқықтық тетіктерін пайдалану қажет деп танылды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Фото: rus.azattyq.org.