Елордада бірге тұратын әйелінің 5 жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас бала Д.-ны өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 99-бабы 3-бөлігі)», делінген баспасөз хабарламасында.
Сотта азамат K.-ның алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталды.
Сондай-ақ алқабилер алқасы қылмыскердің өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.