• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2022

Ақтөбе облысында табиғи өрт сөндірілді

366 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының Құрайлы ауданында өрт сөндірушілер табиғи өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі құрғақ шөпті сөндіруге 43 адам, алты техника, Алматы облысының ерікті өрт сөндіру қызметінен сегіз адам, екі техника жіберді», делінген хабарламада.

4 қыркүйек күні сағат 16.00 шамасында 900 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртене бастаған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.