• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда мал шаруашылығы саласындағы заңнама жетілдіріледі

4101 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда палатаның 2022 жылғы 8 қыркүйекке жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралады», делінген хабарламада.

Заң жобасы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасының негізгі міндеттерінің қатарына агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі цифрландыру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, биоэтанолды қолдану аясын кеңейту енеді.

Отырыс барысында Бюро мүшелері Мәжілістен түскен заң жобаларын да Сенаттың тұрақты комиссиялары арасында таратып берді.