• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2022

Түркия Польшаға Bayraktar дрондарын жеткізеді

154 рет
көрсетілді

Әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты Еуропа елдерінің арасында Bayraktar TB2 және Bayraktar Akıncı сияқты соққы дрондарына деген сұраныс артты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Bayraktar Makina компанияның бас директоры Халюк Байрактар мәлімдеді. Ол Польшаға Кельцедегі MSPO қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне қатысу мақсатында келген.

Х. Байрактардың айтуынша, қазірдің өзінде ол басқаратын компания Еуропаның бірқатар елімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Украинадағы соғыс жағдайына байланысты Bayraktar TB2-ге деген қызығушылық артты. Сондай-ақ басқа шабуылдаушы ұшақтарға да сұраныс артып келеді. Қазір Батыс елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр», деді ол.

Компания басшысы Bayraktar TB2 жеткізіліміне 24 елмен, ал Bayraktar Akinci бойынша 4 елмен келісім-шартқа қол қойғанын еске салды.

Түріктер MSPO 2022 көрмесінде ROKETSAN компаниясы шығарған мини-оқ-дәрілермен жабдықталған Bayraktar TB2 ұшағын таныстырады.

Польша президенті Анджей Дуда дайындық жұмыстары аяқталып жатқан көрме аймағындағы Baykar стендіне барды. Поляк басшысына Bayraktar TB2 сипаттамалары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Халюк Байрактар поляк мемлекетінің басшысына Bayraktar Akıncı Attack ұшқышсыз ұшағының үлгісін ұсынды.

Оның айтуынша, 2021 жылдың мамыр айында Польша Bayraktar TB2 жүйесінің 4 данасына тапсырыс берген.

«Осыған байланысты біз оларды өндіру жұмыстарын бастап кеттік. Польша үшін әзірленетін Bayraktar TB2 -де бірқатар өзгеріс бар. Сонымен қатар оларға жаңа түзетулер де қажет. Мәселен, деректерді беру жүйесінде және радар жүктемесінде айырмашылықтар бар. Сонымен бірге осы келісімшарт аясында Польшада ұшқышсыз ұшаққа жан-жақты қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалады. Польша - өте үлкен нарық. Сондықтан бұл Түркия үшін де өте маңызды серіктестік», деді ол.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары Польшаға келесі айда жеткізіле бастайды деп күтілуде.