• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2022

Бірқатар өңір қысқа әлі дайын емес

1240 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 15 қазанға дейін коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлердің қысқа дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтып берді.

«Еліміздегі білім беру нысандарының 99%-ы биылғы жылыту маусымына дайын», деді министр.

Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 25 нысан әзірге қысқа дайын емес екенін мойындады.

Ал денсаулық сақтау нысандарының 98 пайызы, тұрғын үйлердің 88%-ы, автономды қазандықтардың 97%-ы, жылу желілерінің 94%-ы, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 86%-ының дайындық деңгейі ойдағыдай көрінеді.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бірқатар өңірдің, әсіресе жаңадан құрылған облыстардың әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейтулері қажет.