Қайғылы оқиға Кенжекөл ауылы маңындағы резиденцияның жанында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Vita» іздестіру жасағының еріктілері хабарлағандай, «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы, 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында абайсызда жардан аяғы тайып, суға құлаған. Ертіс өзенінің арынды ағыны оны бірден батырып жіберген.
Бұған қоса «Ямайка» жағажайында демалып жатқан 40 жасар әйел де тілсіз жаудың құрбаны болды. Ол өзеннің жылы ағысына түсіп, шомылып жүргенде моторлы қайық келіп соғыпты. Салдарынан 1982 жылғы туған азаматша су түбіне кеткен.
Айта кетейік, сүңгуірлер аталған екі адамның мүрдесін іздестіріп жатыр. Қайғылы жағдай орын алған жерлерде іздестіру жасағының еріктілері де жұмылдырылған.