• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Қыркүйек, 2022

Astana Open турнирінде өнер көрсететін теннисшілер анықталды

6101 рет
көрсетілді

1-9 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсететін ойыншылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып ресейлік теннисші Даниил Медведев тіркелді.

Сондай-ақ әлемдік рейтингте ондыққа енген испаниялық Карлос Алькарас (4-ракетка), грекиялық Стефанос Циципас (5-ракетка), канадалық Феликс Оже-Альяссим (8-ракетка), Польша өкілі Хуберт Хуркач (10-ракетка) та елордада бақ сынайды.

Ресейлік Андрей Рублев, италиялық Янник Синнер, аргентиналық Диего Шварцман, испаниялық Роберто Баутиста-Агут, болгариялық Григор Димитров, франциялық Гаэль Монфис сияқты рейтингісі жоғары теннисшілер, «Үлкен дулыға» жарыстарының жеңімпазы, хорватиялық Марин Чилич, швейцариялық Стэн Вавринка додаға қатысады деп күтілуде.

Қазақстан сапынан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар