Нью-Йорктегі US Open турнирінің ересектер сайысында бірде-бір теннисшіміз қалмады. Сол себепті де қазақстандық жанкүйерлердің назары жасөспірімдер сайысына ауды.
Аталған жарыстың жекелген бәсекесінде Аружан Сағындықова өнер көрсетті. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен 17 жасар қазақ қызы алғашқы айналымда Лив Ховдемен шеберлік байқасты. АҚШ-тың аса дарынды ойыншысы биыл жасөспірімдердің Уимблдон турнирінің финалына дейін жетті. Сонымен қатар Лив басқа да жарыстарда елеулі табыстарға қол жеткізді. Осының барлығын елеген ұйымдастырушылар Ховдеге Нью-Йорктегі додаға қатысуына Wild Card (WC) берген еді. Бірақ тұсаукесер кездесуде ол өзінен әлдеқайда тәжірибелі Қытай теннисшісі Ван Цзяннан ұтылды.
Небәрі 56 минутқа созылған Сағындықова мен Ховде арасындағы тартыс 6:1, 6:3 есебімен америкалық ойыншының пайдасына шешілді.