• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Қыркүйек, 2022

Елімізде 9,5 миллионнан астам адам екпе алды

168 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың саны туралы статистиканы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 2022 жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 9 587 399 адам, екінші компонентімен 9 374 915 адам егілді.

Сонымен қатар Pfizer вакцинасының бірінші компонентімен 1 238 925 адам, екінші компонентімен 1 ​​199 700 адам егілді. Оның ішінде: 874 507 жасөспірім, 41 632 жүкті әйел, 145 456 бала емізетін әйел бірінші дозаны қабылдаған.

Екінші дозамен 860 020 жасөспірім, 39 502 жүкті әйел және 142 034 бала емізетін әйел егілді.