• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Өнер 07 Қыркүйек, 2022

Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

571 рет
көрсетілді

23-26 қараша аралығында Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фестивальдің мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16 мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында  orkestrkurmangaz@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Соңғы жаңалықтар